Қазақстандық оқыту жүйесі шетелде сұранысқа ие

Қазақстандық сатылай кешенді оқыту жүйесі Қырғызстан мен Моңғолия мемлекеттерінің білім беру ісіне енгізілген.

Осы технологияның негізін қалаушы Педагогика ғылымдарының докторы, белгілі ұстаз Нұрша Оразақынова. 

Оның өз айтуынша, мұндай әдіс біздің елде 30 жылдан бері қолданылып келеді. Әрі өзінің өміршеңдігін, қажеттілігін көрсетті. Сол себепті өзге елдерден қызығушылар көп. Айта кетерлігі осы  бағдарлама аясында кейінгі бес жылда ұстаздарға арналған 5 халықаралық, 5 республикалық, 5 қалалық олимпиада өтті. Сатылай кешенді оқыту технологиясы - Алаш зиялыларының қазақ еліне мұра етіп қалдырған ұлттық құндылығы, - дейді ұстаздар.

Нұрша Оразақынова, педагогика ғылымдарының докторы:

- Біздің балалар өздерінің ойын еркін айта алмайтын, орыс сыныбындағы балалар секілді. Өйткені өзім абитурент кезімде сондайды басымнан кешккенмін. Сондықтан негі біздің балалар неге айта алмайды дегенде, біз бағанағы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай тілге үйрету тек ғана қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің ғана міндеті емес, ол математика болсын, сама тілі дейді, барлық он пәнге енгізуге болатына көз жеткіздік. 

Қиялбек Ахматов, педагогика ғылымдарының докторы/ Қырғызстан/:

- Нұрша Оразақынованың бұл технологиясы 30 жылдық тарихы бар. Бір топ жұмыстарды жасап келген, бұған дейін. Қазақ тілін, әдебиетін оқыту бағытында Алаш арыстарының идеясымен істеп келе жатқан технология екен. Біз де екі жылдың жүзі болып қалды, бұл технологияны Қырғызстанға жайылту, Қырғызстанның ұстаздарына жеткеру, біз де бұл технологияны пайдаланып, қырғыз тілін оқытудағы бір топ іс-шара жасадық.