Қазақстанда Оңтүстік Кореяның су технологиялары сыналып жатыр
Оңтүстік Кореядағы Тэгу қаласында ұлттық су кластері жұмыс істейді. Мұнда 113 компания суды тазарту, одан қалды үнемдеу жолдарын зерттейді. Арнаулы зертханада тіршілік нәрінің құрамындағы түрлі вирустар жіті тексеріледі. Бұл үшін, әрине, жаңа технология қолданылады. Енді осы әдісті біздің ел де барынша меңгермек. Арнайы құрылғылар бірқатар өңірде сынақтан өткізіліп жатыр.
Ли Мин Сон, Корея Су кластері департаментінің директоры:
- Мұнда тазартылған және тазартылмаған судан бөлек қайта пайдаланылатын су тәулік бойы жіберіліп тұрады. Компаниялар оларды тәжірибелік сынақтар жасаумен қатар түрлі бизнес модельдер үшін қолдана алады.
Хон Чжи Хван, Корея Су кластері су индустриясын дамыту департаментінің директоры:
- Корей компаниялары «Астана су арнасының» тазарту орындарына жағымсыз иісті жою жүйелерін енгізуге көмектесіп жатыр. Сондай-ақ Орал және Ақтөбе әкімдіктерімен бірлесіп, су шығынын өлшейтін технологияларды орнатуға кірісті. Астанада да біздің елде жасалған құрылғылар сынақтан өткізіліп жатыр. Егер тәжірибе сәтті болса, олар кеңінен енгізіле бастайды.