Астанада медиа мәдениет тақырыбына арналған конференция өтті
Бүгін елордада медиа, мәдениетаралық коммуникация, әдебиеттану және лингвистика саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды 24KZ. Л. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өткен конференцияға ғалымдар, ғылыми білім берум беру ұйымдарының мамандары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Келелі жиын филология ғылымдарының доктор, профессор Серік Таханның 70 жылдығына арналды. Мерейтой иесінің сондай-ақ «Академик Рымғали Нұрғали: ғылыми шығармашылық мәселелері» және «Жаһандық мәдениет жүйесіндегі әдебиет пен публицистика» атты монографиясы мен кітабының тұсаукесері рәсімі өтті. Конференция қорытындысы бойынша электронды жинақ шығару жоспарланып отыр.
Серік Тахан, филология ғылымдарының докторы, профессор:
- Жүзден артық жіберілген материалдан біз 80-нен артығын жинаққа кіргізіп отырмыз. Оған біздің жас ғалымдар да қатысады. Сырттан келген жаңашылдық алып келген ғалымдар, Ресейден, Жапониядан, Еуропадан жаңалық алып келген ғалымдарды тыңдап, ұштасса деген үмітпен жасалған дүние.