Солтүстікте 65 мың бала жазғы демалыспен қамтылады

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 65 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады.

Мектеп оқушыларын 10 лагерь қарсы алады. 

Биыл оларды жөндеуге жергілікті бюджеттен 400 млн жуық теңге бөлінген. Жаңа маусым алдында нысандардың өртке қарсы қауіпсіздік шаралары мен басқа да талаптары тексеріледі. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, төтенше жағдайлар қызметі мен санитар мамандардың қатысуымен ведомствоаралық комиссия құрылған. Айта кетейік, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын отбасылардың балалары тегін демалады. 

Айнагүл Сұрағанова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Өңірдің лагерьлерінде өзінің бастамалары бар. Соның ішінде 10 ауданынымызда этноауылдар жұмыс жасайтын болады. Бұдан басқа туристік “Бір күн қалада” жоспары бар. Бұл әр сәрсенбі, жұма сайын ауыл оқушылары мен балалары қала орталығына келіп, экскурсияны тамашалайтын болады.