Өскеменде оқушылар қауіпсіз жол картасын жасады
Өскеменде жоғары сынып оқушылары қауіпсіз жол картасын жасады.
Жас картографтар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге көрінбейтін немесе жол белгілері орнатылмаған қауіпті учаскелерді анықтап, арнайы навигаторлық платформаға енгізуде. Бұл бастамаға жол-техникалық полиция мамандары да қызығушылық танытты. Картаға кейбір түзетулер енгізген инспекторлардың айтуынша жобаның қауіпсіздікке қосар үлесі зор.
Тоғызыншы сынып оқушылары Антонина Худякова мен Андрей Русин қаладағы қиылыстар мен жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді цифрлық форматқа көшірді. Жас зерттеушілер жол белгілері нашар көрінетін немесе орнатылмаған қауіпті учаскелерді тіркеп, онлайн- навигаторлардың деректер базасына енгізуде. Жол-техникалық полиция инспекторлары жастарға қолдау білдіріп, оларды жол қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау үшін бірлескен рейдтерге шақырды.
- Получается если машина будет ехать и ты здесь будешь переходить тебя уже из-за поворота не видно.
Полицейлер оқушылардың ескертулері орынды дейды. Олар өздері жинаған ақпаратты қалалық коммуналдық қызметтерге жібереді.
Антонина Худякова, қала тұрғыны:
- Қауіпті учаскелер арнайы құжатта көрсетіледі. Кейін бұл мәліметтер тиісті органдарға – жол полициясы мен мәслихат депутаттарына жолданады. Біздің мақсатымыз – атқарушы органдардың назарын осы проблемаларға аударту.
Андрей Русин, қала тұрғыны:
- Біз оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткіміз келеді. Ол үшін нақты жол белгілерін зерттейміз.
Жастар бұл іске үлкен жауапкершілікпен кіріскен. Қауіпті жолдарды анықтау үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, жергілікті халықтың пікірін білді. Осылайша картаға шынайы тәжірибеге негізделген мәліметтер енгізілді.
Сергей Коваленко, қалалық полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы:
- Балалар жол қозғалысын ұйымдастырудағы кейбір кемшіліктерді анықтап қана қоймайды. Олар толыққанды зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы шағын ауданда тұратын тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, соның негізінде анықталған мәселелердің шешілу жолдарын ұсынады.
Оқу орындарының айналасындағы қауіпсіздік басты назарда. Қаладағы 30-дан астам мектеп көлік көп жүретін көшелердің бойында орналасқан. Зерттеу барысында 8 жол учаскесінде жасанды жол кедергілерінің жоқ екенін анықталды. Өскеменде биыл қауіпсіз жол инфрақұрылымы жасалып жатыр. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін жолақтар ашық түске боялады. Қала аумағында 500-ден астам жол белгісі жаңартылады. Ал жас картографтардың енгізген түзетулері онлайн-навигаторлардың мәліметтер базасына жіберіледі.
Қарлығаш Қасиетова, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин