Қазақстан мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өткізілді

Елдегі барлық мектепте «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, деп хабарлайды 24kz.

Онда оқушылардың жыл бойы алған білімі сараланып, арман-мақсаттары жайлы пікірі тыңдалды. Астанадағы №104 орта мектепте мұндай сынып сағатын Оқу-ағарту министрі өткізді. Ғани Бейсембаев жастардың адал, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс екенін және бұл қасиеттер «Адал Азамат» тұжырымдамасының негізі екенін атап өтті.

Ерасыл Адухан, мектеп түлегі:

- «Ең алдымен жетістікке жетудің басты мақсаты ретінде табандылық», - деді. «Әрбір істің өз маманы болатын кезде қандай мамандық таңдасаң да, төзімділік таныту», - деді.. Халықаралық қатынастар бағытына барғым келеді. Яғни, дипломатияға. Өзімнің осы халқыма деген үлесімді тигізгім келеді.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Оқушыларымыздың алдына қойып отырған мақсаттары мені таңғалдырды. Олардың әрқайсысы өз сөзінің соңында елге адал қызмет ететіндігін және бар білімін елдің мықты болуына жұмсайтынын мақсат етіп отырғаны мені қатты қуантты. Бұл – мемлекеттің осындай білім саласына үлкен қолдау көрсетіп отырғанына біздің жастарымыздың кері байланысы.