Астанада IV халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы басталды

Астанада төртінші халықаралық жаңа материалдар мен құрылғылар симпозиумы басталды.

Оған 26 шетелдік және қазақстандық университеттен 200-ге жуық адам келген. Үш күнге жалғасатын шарада мамандар энергетика, экология, медицина және жоғары технология салаларында қолданылатын инновациялық құрылғылардың әзірлемелерін талқылайды. Сондай-ақ АҚШ, Қытай, Түркия және Ұлыбританиядан келген сарапшылар арнайы баяндамаларын оқиды.

Нұршат Нұражи, NU профессоры:

- Енді бұл конференцияны біз төртінші рет ұйымдастырып отырмыз. Енді конференцияның мақсаты не? Дүниедегі мықты ғалымдарды осы саладағы жинап әкеліп, олармен жаңа идеяларды, жаңа ойларды пікір алмасу және зерттеуді бірге жүргізу.