Сарапшы: Қазақстандағы АЭС нысандары сенімді қорғалады

Қазақстандағы атом электр станциялары сенімді қорғалады. Ұлттық ядролық орталық бас инженерінің орынбасары Денис Зарва осылай дейді.

Оның айтуынша, елдегі АЭС салуға таңдалған аймақтарда сейсмикалық белсенділік төмен. Жер сілкінісі 6 балдан аспайды. Ал заманауи реакторлар 8 балға дейінгі жер сілкінісіне шыдас береді. Бұған қоса қазіргі заманғы атом электр станциялары көпсатылы қорғаныс жүйесімен қамтылған. «Сондықтан АЭС маңында тұратын халыққа еш қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді ол.

Денис Зарва, ҚР Ұлттық ядролығы орталық бас инженерінің орынбасары:

- Тіпті барлық қауіпсіздік жүйесі істен шыққан жағдайда да қауіп төнбейді. Қазақстанда салынатын реакторлар ерекше қорғаныс қабықшаларымен жабдықталған. Бірінші қабат тот баспайтын болаттан жасалған, ол ішкі қысым мен сыртқы соққыға төтеп береді. Одан кейінгі қабат арнайы берік бетоннан құйылған. Ол тіпті ұшақ құласа да зақымдалмайды.