Ұлттық ядролық орталыққа Қытайдан делегация келді
Қазақстан мен Қытай басқарылатын термоядролық синтез технологияларын бірге зерттейді. Жақында еліміздің Ұлттық ядролық орталығына Қытайдың SWIP Оңтүстік-батыс физика институтының делегациясы келіп, өзара серіктестікті нығайту жайын талқылады.
Институт Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының құрылымына кіреді. Сапар барысында қонақтар біздің орталықтың ғылыми-зерттеу базасымен танысты. Сондай-ақ делегацияға термоядролық синтез саласындағы зерттеулер туралы баяндалды. Тараптар салада бірлескен жобалар жасауды талқылады.
Айта кетейік, SWIP Қытайдың термоядролық энергетика саласындағы негізгі ғылыми орталықтарының бірі болып саналады.