Астанада колледждің үздік студенттері марапатталды

Астанада жұмысшы мамандықтар жылы аясында үздік колледж студенттері марапатталды.

Оқуда озат, өнерде өрелі, спортта сайыпқыран атанған 17 білімгерге алғыс хат табысталды. Ғылыми жобалар мен шығармалық жұмыстарда жетекшілік еткен оқытушылардың да еңбегі елеусіз қалмады. Олардың бір  тобына да арнайы марапат табысталды. Айта кетсек, оқу жылындағы қорытынды жиын жастарды қолдауға бағытталып отыр. 

Еркебұлан Махмұтов, қалалық қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің түлегі: 

- Осы жұмысшы мамандықтар аясында көптеген фестивальдар ұйымдастырылып жатыр. Соның арқасында бізде Астана қаласында еуропалық жарысқа дайындық жүріп жатыр. Алматы, Астанадан дайындық жүріп жатыр. Екі баланы дайындап жатырмыз.