Солтүстік Қазақстан облысында 94 білім нысаны жөндеуден өтеді

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 100-ге жуық білім беру нысаны жөнделеді.

Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттерден 6,5 млрд теңге қарастырылған. Қомақты қаржының басым бөлігі ауылдық ұйымдарға бөлінген.

Бұл Петропавлдағы №17 ұлттық өркендеу мектеп – кешені. 1991 жылы ашылған нысаннның төбесінен жаңбыр жауса су ағып, мұғалімдер мен оқушыларды әуреге түсіретін. Биыл оқу ордасына 216млн. теңге бөлініп, ғимараттың шатыры толық ауыстырылады. 

Ләззат Жолмұқанова, мектеп директоры:

- Жұмысшылар жоғарыда жүріп біздің өзіміздің аумағыымыз 2400 квадратный метр, сол жерде жұмысшылар жұмыс істеп жатыр. Реновация деген программаға кіріп тұрмыз. Сол программа бойынша кабинеттерімізге жаңа – жаңа кабинеттер келіп жатыр. 

Биыл өңірде 35 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Оның басым бөлігі аудандарда орналасқан. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 4,5 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек мектеп, балабақшаларға ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Әсел Оразбаева, білім басқармасының баспасөз хатшысы:

- Негізінен бұл ауылды жерлерде жұмыс жүргізіледі. Петропавл қаласында күрделі жөндеуден өтетін бір мектеп. Ағымдағы жөндеуге 2 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 59 білім беру нысаны ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Бірақ бұнымен мәселе толық шешілмейді. Өңірде тағы 58 ескі мектеп жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар биыл Қарақоға және Белое ауылдарындағы білім беру ұйымдары апаттық деп танылып жатыр. 

 Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков