«Келешек мектептері» аясында Ақтөбе облысында биыл 11 білім ордасы қолданысқа беріледі

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында биыл 11 білім ордасы қолданысқа беріледі.

Нәтижесінде өңірдегі 3 ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешілуі тиіс. Жалпы бұл кешенді бағдарламаның көмегімен өңірде 14 мектеп салынды. Олардың екеуі өткен оқу жылында оқушыларды қабылдап үлгерді. Жұмыс сапасы құзырлы органдардың бақылауында. Мәселен бүгін облыс орталығының «Саяжай-1» ауданындағы 300 орындық мектеп құрылысымен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары танысты. Қазір ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен ауласын абаттандыру ғана қалған.

Қазыбек Әлішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұрын мердігер компаниялар "Жобалау кезінде қате жіберді сол себепті бұл жобаға кірмеген",- дегендей уәждер айтатын еді. Ендігі жерде осындай ақаулар болмас үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңға бір көзден, яғни ЕРС-контракт деп аталады, сол жобадан бастап құрылыстың толық бітуіне жауапты мердігер анықтау үшін ЕРС-контракт деген өзгерістер енгіздік заңға.