Қазақстандық оқушылар химия пәнінен халықаралық олимпиадада топ жарды
Химия пәнінен халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар топ жарды.
Білім бәйгесі биыл Біріккен араб әмірлігінде өтіп отыр. Оған 93 елден 360-тан астам жасөспірім қатысты. Соның арасынан отандастарымыз 4 медаль еншіледі. Оның екеуі - алтын. Жүлдегер оқушылар мен олардың жетекшілеріне мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Өйткені бұл байқау әлемдегі ең беделді 7 білім додасының қатарына кіреді.