Атыраулық түлектерге 500 білім гранты бөлінді

Атырау облысының түлектері үшін 500 білім гранты бөлінді.

Мұндай мүмкіндікке ие болғандар, елдегі 40-тан аса жоғары оқу орнында тегін білім ала алады. Бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. Ондағы мақсат өңірге қажетті мамандарды даярлау. Бұған қоса өңірдегі жоғары оқу орнында мұғалімдер мен балық шаруашылығы мамандарын оқыту үшін қосымша 200-ден аса білім гранты бөлінген.

Асхат Шүкіров, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры:

- 500 грантқа біздің талапкерлер, кез келген Атырауда тұрған, Атырау мектебін бітірген, ауыл-аймақ болсын, қала болсын, кез келген талапкер тапсыра алады. Барлық бағыт қамтылды 500 грантта. Педагогикалық, мұғалімдік мамандықтар бар. Өңірде, білесіздер, бізде мұғалім тапшылықтары бар. Сол себепті мұғалімдік мамандықтарға бөлініп жатыр. Одан бөлек енді біздің университеттің гранты бар. 225 грант бөлінді. Оған да біздің атыраулық балалар тапсыра алады. Мамандық мұғалімдік мамандықтар, сосын балық шаруашылығына бөлінді. Енді бізде балық шаруашылығы қазір өте маңызды. Соны қолға алғысы келіп жатыр. Мамандар қажет деп жатыр.