IMO-2025: қазақ оқушылары 6 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар математикадан IMO-2025 халықаралық олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ. Ұлттық құрама қоржынында төрт күміс, екі қола жүлде бар.

Білім бәйгесі Аустралияда өтті. Оған 112 елден 650-ге жуық өрен қатысты. Десе де қаракөздеріміз өзгелерден оқ бойы оза шауып, алты бірдей жүлдені қанжығаларына байлады.