Педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы басталды

Елімізде педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынды ашып, білім беру саласындағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Биылғы бас қосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналып отыр. Мамандар мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселені, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамту жайын талқылайды.