Қызылордада «Келешек мектептері» аясында салынған білім ұясы инженерлік білім береді

Қызылордада «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім ұясы инженерлік бағытта білім береді.  

900 орынға лайықталған оқу ошағында физика, химия және биология пәндері екінші сыныптан бастап оқу бағдарламасына енгізілген. Сонымен қатар балалардың ғылыми зерттеулер жасап, инженерлік мамандықтың қыр-сырымен танысуына толық мүмкіндік бар. Ол үшін цифрлық сауаттылық, информатика және робототехника кабинеттері, ағаш және металл өңдеу, тігін және аспаздық шеберханалары мен зертханалар бар. Жуырда бастауыш сынып оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника байқауында жеңімпаз атанып үлгерді. Заманауи үлгідегі мектептің мүмкіндіктері ата-аналарға ашық есік күні таныстырылды. Жалпы  алдағы жаңа оқу жылында облыс бойынша төрт «Келешек мектебі» қолданысқа беріледі.

Мөлдір Смаханова, мектеп директоры:

- Біздің мектептің артықшылығы неде? Бұл барлығына жайлы, кең орта және инклюзивті, қолжетімді білім беру ортасы. Бізде әрбір оқушы білім ала алады. Мектепке келіп, сапалы білім алып, түстен кейінгі уақытта үйірме жұмыстарымен айналысып және бос уақытында аталған зертханалар мен шеберханаларда ерте ғылыми бағдар жұмысын жүргіземіз.