Шымкентте оқуға түсе алмай қалған талапкерлерге қосымша 285 грант берілді

Шымкентте оқуға түсе алмай қалған талапкерлерге қосымша 285 грант берілді.

Осымен екінші жыл қатарынан жергілікті бюджет есебінен грант бөлінді.  Іріктеу кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен  мүгедектігі бар түлектерге басымдық берілді. Студенттерге шәкіртақы төленіп, жатақханамен қамтылады. Президенттің жоғары білімді қолжетімді ету туралы тапсырмасы мен «жұмысшы мамандықтары жылына» орай қажетті  кадрлар тізімі жасақталды. Осылайша инженерлік-техникалық, өңдеу және құрылыс салаларына грант көп бөлінді. Ақпараттық-коммуникация мен ауыл шаруашылығы мамандықтарына басымдық берілді. Басты шарт – оқуын тәмәмдаған жас маман өңірдің дамуына үлес қосуы керек.

Сәрсен Құранбек, қала әкімдігінің ресми өкілі:

- Комиссия осыған дейін барлығын талқылау үшін 4 рет жиналды. Егжей-тегжейлі талқылады. Қай мамандықтар керек екенін сала мамандарын шақырта отырып, мәніне, мағынасына, байыбына бара отырып бекіткенін айтқымыз келеді.