Қазақстан халықаралық білім беру хабына айналып келеді

Шетелге шықпай-ақ өз елімде озық білім алам деген жастар үшін де мүмкіндік мол. Себебі Қазақстан халықаралық білім беру хабына айналып келеді, деп хабарлайды 24kz.

Елімізде әлемге танымал университетердің 40-тан астам филиалы ашылды. Бұл – елдегі білім саласының тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Атап айтсақ, стратегиялық әріптес атанған мекемелердің нақты 22-сі университет. Қалғаны франшиза, филиал консорциум секілді түрлі тәсілмен жүзеге асқан. Елде ең көп университетін ашқан мемлекеттердің көшін АҚШ, Ұлыбритания, Ресей бастап тұр. Әрқайсысының 5 оқу орны бар. Екінші орынға 4 университеті бар Қытай жайғасса, үшінші орында Оңтүстік Корея тұр. Ал Түркия, Өзбекстан, Польша, Франция, Италия, Венгрия және Финляндия елдерінің әзірге бір-бір оқу орындары жұмыс істеп тұр. Бұл филиалдардың 80%-і техникалық бағытта білім береді. Қалғаны бизнес, креативті идустрия мен педагогикалық ғылым бойынша мамандарды даярлайды. Студенттердің жалпы саны 6 мыңнан асады. Оның 1364-і филиалдарда оқиды. 2029 жылы шетелден келген бұл студенттер мен оқытушылардың саны 100 мыңға, ал университеттердің саны 40-қа жетеді деп жоспарланып отыр.