Студенттер ЖИ көмегімен мультфильм жасап шықты

Студенттер жасанды интеллект арқылы тәрбиелік құндылықтарды дәріптейтін мультфильм жасап шықты. Олар өздері жазған сценарийді жүйеге енгізіп, жаңа кейіпкер ойлап тапқан. Сол кейіпкер арқылы жас ұрпаққа тәрбиелік ой айтатын туынды әзірледі. Осылайша білімгерлер цифрлық технологияны шығармашылықпен ұштастыруды меңгерген. 

Сала мамандарының пікірінше, бастауыш сыныптан бастап технологияны дұрыс қолдануды үйрету маңызды. «Өйткені жасанды интеллект арқылы білім беру тиімді», - дейді ұстаздар. Тиісті мәселе халықаралық конференцияда талқыланды. Шараға шетелдік сарапшылармен қатар отандық ғалымдар және мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.  Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллекттің мұғалімдердің жұмысын жеңілдете түсетінін тілге тиек етті.

Алима Қисымова, педагогика ғылымдарының кандидаты:
- ЖИ бізге бәсекелес пе, серіктес пе, осыған жауап іздеу үшін бүгін келдік
. Бүгінгі ең тапшы ресурс адал азамат қалыптастыру болып тұр. Адал азаматты біздің интеллект қалыптастыра ала ма? Біз осыны қоссақ, автоматтанып кете ме, жоқ бұл жерде мұғалім рөлі сол күйінде қалады ма. Бұл - тек қана бізді ақпартпен қосатын құрал.

Ардақ Әділжанов, Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің директоры:
- Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы құндылыққа негізделген мәселені көтеріп, осының аясында «Адал азамат» біртұтас тәрбиеге кішкене өзгеріс енгізіліп, бүгінде барлық оқу орындарында біліммен қоса тәрбие мәселесі көтеріліп, осы бағдарлама аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі конференция сол бағдарлама аясында өткізіліп жатыр
.