Астанада ауыл оқушыларына арналған олимпиада өтті

Астанада ауыл балаларына арналған олимпиада өтті. Онда оқу озаттары жаратылыстану-математика бағытында бақ сынады. Бас-аяғы 475 оқушы қатысып, 200 медаль сарапқа салынды.

Сондай-ақ жеңімпаздарға бес ректорлық грант берілді. Білім бәйгесінде маңғыстаулық команда гран-при иегері атанып, топ жарды. Ал алматылық оқушылар бірінші орынға жайғасты. Атырау мен Ақмола облыстарынан келген командалар екінші орынды місе тұтты. Үздік үштікті Қызылорда мен Батыс Қазақстан облысының құрамалары қорытындылады.