«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасы ресми таныстырылды

Бүгін «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасының ресми таныстырылымы өтті.

 Естеріңізде болса, биыл тамыз айында ұлттық сауалнама нәтижесінде еліміздің үздік 100 кітабы анықталған еді. Онда Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезовтен бастап Ғабит Мүсірепов, Оралхан Бөкей сынды қазақ әдебиетінің алтын арқауын өрген заңғар жазушылардың және заманауи қаламгерлердің туындылары енді. Таңдалған шығармалар енді түгелдей «QAZCONTENT» компаниясына қарасты «Әдебиет порталында» электронды нұсқада қолжетімді болмақ. Осылайша оқырмандар кез келген жерде отырып, ұлттық әдеби мұрамен танысып, сүйікті шығармаларын ыңғайлы нұсқада оқи алады.   

Асылбек Байтанұлы, "Әдебиет порталының" журналисі:

"100 кітаптың барлығы ерте заманда шыққандықтан кейбіреуінің табылуы да қиын болды. Біз үшін. Сондықтан бұл жерде бізге әріптестік танытып, көмекке келген Ұлттық кітапхана Алматыдағы, Қазақ ұлттық кітапханасына рахметімізді айтамыз. Сол кітапханының қорындағы кітаптар арқылы сол 100 кітаптың барлығы да толықтырылып бітті. Барлығын да біздің мобильді қосымшадан да көруге болады, көзі нашар көретін адамдарға да мүмкіндік қарастырылған".