Қызылордадағы колледж халықаралық аккредиттеуден өтті
Қызылордадағы оқу орындарында білім алып жатқан болашақ энергетиктер әлемнің 70 елінде жұмыс істей алады.
Жергілікті колледж халықаралық аккредиттеуден өтіп, білім алушыларға осындай мүмкіндік жасады. Студенттер заманауи зертханаларда тәжірбие жинайды.
Политехникалық колледжде 400-ге жуық болашақ энергетик оқып жүр. Тұрсынбай Құдайберген «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша 4-курс студенті. Мектеп қабырғасында математика, физика пәндерінен үлгерімім жақсы болды. Сондықтан осы саланың маманы болуды мақсат еттім, дейді ол.
Тұрсынбай Құдайберген, студент:
- Әр сабақта болмасын, жаңа үлгідегі технологиялармен түрлі сабақтар өтеміз. Бізге әрине қызық. Әрине сыртта болып жатқан практика жүзіндегі сабақтарда да көптеген нәрсе үйренеміз. Жалпы біздің мақсатымыз элетр жүйесін сенімді, тиімді және заманауи деңгейде дамыту.
Соңғы жылдары колледждің зертханалары заманауи үлгіде жаңғыртылды. Студенттер ірі өндіріс орындарын электр энергиясымен қамту жұмысын компьютерлік бағдарлама арқылы орындайды. Бұл – олардың тәжіребиесін шыңдауға мүмкіндік береді.
Айдын Қалтаева, оқытушы:
- «Жас маман» жобасы аясында соңғы үлгіде жабдықталған оқу кабинеттері мен зертханаларда білім алушылар теориялық білімін тәжірибемен ұштастырады. Облыста алғашқы болып колледжіміздің электрмен қамтамасыз ету мамандығы халықаралық салалық акридиттеуден өтті. 11 білім алушы сертафикатталды.
Мұндай сертификатқа ие болған мамандар еліміздегі және әлемнің 70 мемлекетінде ірі өндіріс орындарында қызмет атқара алады, дейді оқытушылар.
Абайбек Жүнісов, колледж директоры:
- Осы оқу жылында біз жоспар бойынша 5 германиялық сарапшыны шақырып, біздің әр мамандықтар бойынша олар оқытушылардың біліктілік арттыру курстарын жүргізді, ұш апталық. Соның бірі осы «Электрмен жабдықтау» мамандығы болып есептеледі. Бізде 12 оқытушымыз сол синьер экспертный сервис сарапшыларының курстарына қатысып, сертификатталды.
Өңірде жаңа энергетикалық нысандар мен өндіріс орындары көбейіп келеді. Күн электр станциялары салынып, жаңа жылу-электр орталығы бой көтеруде. Оқытушылардың айтуынша, жас энергетиктер осы кәсіпорындардың талабына сай даярлануда.
Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев