Биыл елімізде 141 оқу орны пайдалануға берілген

Президент пәрмені бойынша, биыл елде жаңа форматтағы 141 оқу орны пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. 

Балалар сапалы білім алу үшін ең әуелі апатты және орын тапшылығы бар мектептер мәселесі шешілу керек. Осыған орай елде «Келешек мектебі» жобасы жүзеге асып жатыр. Оның аясында, елдің түкпір-түкпірінде 460 мың орындық 217 жаңа форматты мектеп салынып жатыр.

Майра Мелдебекова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- Осы жоба аясында қазіргі таңда 69 үш аусымыды мектеп, 22 апатты және орын тапшылығы 22 мектепке қысқарған. Тағы бір айтып өтетін жағдай осы 217 мектептің 84-і ауылды жерде орналасқан.

Ғылым және жоғары білім, вице-министрі Гүлзат КөБенова Президент тапсырмасымен елде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақхана іске қосылатынын айтты. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері 8 мың 757 орынға арналған 26 жатақхана салынды. Жыл соңына дейін 1 983 орынға шақталған тағы бес жатақхана қолданысқа беріледі.