Елде шетелдік студенттердің саны артады

Қазір өзге мемлекеттерден келген 35 мыңнан астам азамат Қазақстандағы университеттерде білім алып жүр. 

2029-шы жылға қарай олардың санын 100 мыңға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Ол үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі «Study in Kazakhstan» жобасы арқылы Вьетнам, Үндістан, Индонезия және Біріккен Араб Әмірліктері секілді бірқатар елде ақпараттық науқан жүргізіп жатыр. Шетел азаматтарының Қазақстанға қызығушылығының артуына байланысты, ведомство биыл «Study in Kazakhstan» цифрлық платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Биылғы жылдан бастап«Study in Kazakhstan» цифрлық платформасын іске қосу жоспарланып отыр. Платформада Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі, оқу құны, виза, ЖОО түсу туралы талаптары толық ақпарат қолжетімді болады. Сондай-ақ бағдарламаларды, университеттердіку, курстар мен бағыттарды іздеу және іріктеу функциялары қолжетімді болады.