Петропавлдық студенттер АҚШ-та білім алды
Петропавлда халықаралық қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер Америка Құрама Штаттарынан оралды.
Олар соңғы курстың бір семестірін екі ел арасындағы әріптестік аясында Аризона университетінде өткерді.
Бекарыс Балағанов – Бексейіт ауылындағы орта мектеп түлегі. Ағылшын тілін жетік меңгеріп, халықаралық қосдипломды білім беру бағдарламасымен оқуға түсті. Енді соңғы курстың бір семестрін АҚШ-та өткізіп келді.
Бекарыс Балағанов, студент:
- Білім бағдарламасы өте ерекше болды. Соның арасында біз америкалық студенттермен бірге оқып, сол жақта америкалық технологияларды қолдандық. Соның арасында «Big Date», «Big Out» сияқты ЖИ қолдандық және соны іске асырдық.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде жетекші шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалдары ашылды. Солардың алғашқысы – Петропавлдағы университетте құрылды. Қазір Аризонамен бірлескен қосдипломды және бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша 1200 студент оқып жатыр.
Ербол Исақаев, университет ректоры:
- Биыл халықаралық әріптестік аясында тағы бір қосдипломды білім беру бағдарламасы іске қосылады. Ол – бизнес және менеджмент мамандығы. Сонымен қатар университетте ауыл шаруашылығы, экология және қайта өңдеу салалары бойынша зерттеу жобалалары іске қосылады.
АҚШ-тың Аризона университетінде Петропавлдан ақпараттық жүйе және биотехнология мамандықтары бойынша 29 студент оқып келді. Олар – халықаралық қосдипломды білім беру бағдарламасының алғашқы «қарлығаштары».
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков