Оқушылар әліппені ЖИ көмегімен оқып жатыр

Бастауыш сыныптар әліппені жасанды интеллект негізінде үйреніп жүр.

Ұстаздар жасанды зердені тиімді пайдаланып сабақ беруде түрлі тәсілдерді қолданады. Астанада «Жасанды интеллект: тәжірибе және серіктестік» тақырыбында өткен мектепаралық конференцияда мүғалімдер өз тәжірбиелерімен бөлісті. Сондай-ақ оқушылар арасында дронфутболдан жарыс өтті. Мұндай сайыстар инженерлік ойлау мен техникалық дағдыларды дамытуға және командада жұмыс істеуге үйретеді дейді ұйымдастырушылар.

Қуаныш Мейрамқызы, AI Creators Lab жетекшісі - информатика пәні мұғалімі:

- ЖИ қазір оқу процесінде өзінің үлкен рөлі бар себебі бізде КМЖ, Ұзақ мерзімді жоспарлардың бәрі ЖИ негізінде жасалады. Яғни біз өзіміздің оқу процесімізде  цифрлық құралдарды толығымен қолданамыз деп айта аламын.