Қарағанды ЖОО-лары дрон операторларын дайындайды
Әскери кафедрада «Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер» атты жаңа бағыт іске қосылды. Қазір мұнда 35 студент білім алып жатыр. Олардың 15-і оператор, 20-сы топ командирі ретінде даярлануда.
Бұл әскери дайындықтағы ең сұранысқа ие бағыттардың бірі. Оқыту барлау және топогеодезия мамандықтарына жүргізіледі. Болашақ офицерлер дрондарды басқарумен қатар, деректерді талдау, жергілікті жерді бағдарлау және командалық жұмыс дағдыларын меңгереді.
Жиханшах Шайхиев, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті әскери кафедрасының студенті:
- Жалпы менің циклым - арнайы әскерлерді жауынгерлік қолдану. Біз техника жағынан айналысамыз. Бастысы бізде дрондар. Қазір менің қолымда DJI квадрокоптер тұр. Бізде басқа да дрондарымыз көп. Кішкентай да дрондарымыз бар. Әскери жағдайларда барлау үшін қолданылады. Жүк тасымалдау үшін және ең бастысы адам өмірін құтқару үшін қолданылады. Дронда қазіргі әскерде өте маңызды сала деп ойлаймын.