Черногория президенті Я.Милатович студенттерге дәріс оқыды
Черногория президенті Яков Милатович елордалық студенттермен кездесті. Іс-шара Мақсұт Нәрікбаев атындағы оқу орнында ұйымдастырылды.
Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аталмыш білім ордасының белсенді жастары мен оқытушылары қатысты. Емен-жарқын жүздесуде Яков Милатович Черногория мен Қазақстан байланысына тоқталып, саясаттан бастап сан түрлі саладағы ынтықмақтастықтың келешегін сөз етті. Жас буынды көшбасшы болуға шақырды. Тіпті бұл бағытта бірқатар кеңес берді. Жастар жағы да іркіліп қалмай, мәртебелі мейманға толғандырған сауалдарын жолдады.
Шынар Байтон, Maqsut Narikbayev University студенті:
- Бүгінгі кездесуде мен үшін үлкен мүмкіндік бар. Себебі мен халықаралық құқық мамандығының студені болғандықтан үлкен тұлғалармен, халықаралық саясатта жүрген тұлғалармен кездесу – үлкен мүмкіндік. Бүгінгі лекция интерактивті форматта өтті. Сондықтан біз сутденттер өз сұрақтарымызды қоя алдық.
Арман Пірзадаев, Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының орынбасары:
- Бүгін студенттерімізбен өткен кездесу өте қызықты болды. Президент өз ойымен бөлісіп, мемлекетке деген көзқарасын білдіріп, жастарға мотивациялық дәріс оқыды. Университетімізде туризм бағыты бойынша мамандық бар. Черногорияда, өздеріңіз білетіндей, туризм саласы жақсы дамыған. Менің ойымша, болашақта екі ел арасында туризм саласы бойынша мамандар даярлау және қайта даярлау бағытында білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар орнайды деген сенімдемін.