Колледждерге қабылдау басталды: өтінішті онлайн тапсыру ашылды
OQU білім беру платформасында (oqu.edu.kz) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау басталды, деп хабарлайды «24KZ».
Талапкерлер өтінішті OQU платформасы арқылы, сондай-ақ eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасының «Қызметтер» бөлімі арқылы онлайн тапсыра алады. Өтініш беру үшін алдымен eGov арқылы авторизациядан өту қажет. Кейін пайдаланушы OQU платформасына автоматты түрде бағытталып, өтінішті рәсімдейді. Сонымен қатар талапкер оқу орнын, мамандық пен оқу тілін таңдап, өтінім мәртебесін бақылай алады.
Қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ, eGov QR немесе логин мен құпиясөз арқылы авторизацияланып, қажетті мәліметтерді толтырып, өтінімге қол қою қажет.
Қабылдау 25 маусым күні сағат 09:00-де басталды. Қабылдау мерзімдері даярлау бағыты мен оқу нысанына байланысты.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз