Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысы екі есе өседі

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын алдағы 3–4 жыл ішінде тағы екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өткен «Болашақ бейнесі: нәтижеден — жаңа стратегияға» атты форумында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұған дейін де докторанттардың шәкіртақысы екі есеге өскен.

Қазір докторанттардың шәкіртақысы айына 252 мың теңгені құрайды. Алдағы 3–4 жыл ішінде оны тағы екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр Қазақстанда «Индустриялық PhD» бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті. Енді жас ғалымдар өндірістен қол үзбей, жеңілдетілген тәртіппен үш жыл ішінде PhD дәрежесін ала алады.