389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде электронды күнделіктер тегін болады

  • 915
  • UPD: 17:29, 14.02.2017

Елді елең еткізген электронды күнделікті қолдану ақылы болмайды.

Ата-аналардан ақша алынбайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жүйенің авторларына жарнама арқылы пайда табуға мүмкіндік беріледі. Ата-аналар компанияның интернет-дүкен, виртуалды конференция, смс-хабарлама секілді қосымша қызметтеріне жүгінген жағдайда ғана ақша төлейді. Сонымен қатар, мектептердің ешқайсысы жаппай электронды күнделікті жүргізуге міндеттелмейді. Министр бұл жаңашылдық мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтады деген сенімде.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Электронды журналды енгізу, электронды оқулықтар, баға қою, үй тапсырмасы секілді қызметтердің барлығын жоба авторлары тегін ұсынып отыр. Ата-аналар да, мектеп пен әкімшілік те шығынданбайды. Егер мұғалімдер бұл жаңашылдықтан бас тартса, өздерінің еркі. Бірақ, бұл жүйе ұстаздардың жұмысын жеңілдетеді.

Хабар 24 телеарнасы