386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Серпін-2050» бағдарламасына гранттар көбейеді

  • 1316
  • UPD: 15:17, 23.04.2017

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!»

«Серпін-2050» бағдарламасына бөлінетін мемлекеттік гранттар биыл 2 есеге көбейеді. Бұл туралы бүгін Семейде өткен әлеуметтік жобаға қатысушы жастардың І форумында мәлім болды. 2014 жылы бастау алған бағдарлама аясында бүгінге дейін еліміздің оңтүстік облыстарынан солтүстікке 12 мың түлек барып, студент атанды. Форумға қатысушы жастар бағдарламаның нәтижелері мен оны жетілдіру жолдарын әңгімеге өзек етпек. Жиын 3 күнге созылып, қонақтар «Серпін» аллеясына ағаш отырғызады. Сол сияқты Семейдегі мәдени орындарды, Абайдың Жидебайдағы мұражай үйін аралап көру де жоспарда тұр.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Алдында 2-3 мың болса, қазір 5 мың үстінде грантты қосып жатырмыз, осы «Серпінмен» оқитын балалар үшін арнайы. Техникалық, ауыл шаруашылығы, медицина, педагогтарға көңіл бөліп жатырмыз, гранттарды көбейтіп жатырмыз.

Айдар Оразбайұлы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті:

- Оңтүстікте жылы жаққа үйреніп қалғанбыз. Қазір Петропавлға да бейімделіп, намысқа тырысып, алдағы уақытта сол өңірде қалып, жұмыс істеп, еңбек етіп, еліміздің, өңіріміздің, Қазақстанымыздың көркеюіне өз үлесімізді қоссақ деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы