Күнгейлік 4 мың оқушы ЭКСПО-ға аттанды

Оңтүстік Қазақстаннан 4 мың оқушы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне тегін барып қайтады.

Олардың арасында білім үздіктері, белсенді оқушылар мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары бар. Мұндай тамаша тартуды балаларға қала және аудан әкімдіктері мен кәсіпкерлер жасады. Елордаға аттанған оқушыларды құрдастары ерекше көңіл-күймен шығарып салды. Олар теміржол вокзалында ЭКСПО сөзін бейнелеп, аспанға түрлі шарлар ұшырды. Халықаралық көрмеге оқушылармен бірге, ұстаздар мен ақ халатты абзал жандар да аттанды.

Әсел Мусратәли, оқушы:

- ЭКСПО-ға бару мен үшін үлкен қуаныш. Бұл ЭКСПО-ға мен жай бара жатқан жоқпын. ЭКСПО-ға барған кезде мен шетелдіктердің жаңа технологияларымен танысып, өскенде өзімнің мамандығым бойынша үйренетін боламын. Бұл – менің басты арманым. Қазақстанды дамыту үшін өз үлесімді қосқым келеді.