382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Робот техникасынан халықаралық олимпиадада қазақстандықтар жүлделі орыннан көрінді

  • 606
  • UPD: 09:25, 20.07.2017

163 мемлекеттің командасы қатысқан робот техникасы бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 8-орынды иеленді.

Осылайша ең үздік ондықтың тізіміне кірді. Вашингтонда өткен FIRST Global (Фёрст глобал) олимпиадасы биыл Жер шарындағы ауызсу тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Қатысушылар 6 командаға бөлінді. Екі жарым минут ішінде 6 түрлі мемлекеттің студенттері жасаған 6 робот бірлесе жұмыс істеп, өзенді тазартуы қажет. Шарт бойынша ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Қуантарлығы, біздің елдің жастары мұндай ауқымды жарысқа алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейін робот техникасы бойынша Мәскеуде өткен еуропалық фестивальде жүлделі орыннан көрінді.

Олжас Базарбек, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын біз үшін FIRST Global олимпиадасына қатысу үлкен жетістік. Бұл біздің бірінші қатысуымыз емес. Бұған дейінгі жарыстарда да үлкен көрсеткішке жеттік. Болашақта өз көрсеткіштерімізді сақтап қаламыз деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы