389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Білім және ғылым министрінің орынбасары – «Болашақ» стипендиаты

  • 1244
  • UPD: 17:23, 29.08.2017

Білім және ғылым министрі орынбасарының «Болашақ» стипендиясына ілігуіне қатысты ресми түсініктеме берілді.

Бүгін Үкімет үйінде тілшілер Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысын сұрақтың астына алды. Жанболат Мелдешов барлығы заң аясында өткенін алға тартты. Яғни Эльмира Суханбердиева алғашқы сынақтарды өз қаржысына тапсырған. Жарияланған тізімде фамилиясы көрсетілмегенімен, стипендияға іліккендер арасында бар болып шықты. Осының салдарынан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде пікірталас туындаған еді.

Жанболат Мелдешов, ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- Кезеңнің бәрі заңды түрде өтті. Алты кезеңнен тұрады. Әр кезең заңды түрде өтті. Эльвира Амангелдіқызы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Сондықтан ешқандай сұрақ болмауы керек деп ойлаймын. Қаза тілі тесті өз қаражатына тапсырған болатын. 135 балл алып келді. Өз бетімен тапсырғаннан кейін сайтта жарияланған жоқ.

Бұл жағдайға Білім және ғылым министрі де пікірін білдірді. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, қазір отандық білім беру саласында үлкен өзгерістер болып жатыр және оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін шетелде білім алған білікті басшы мамандар қажет.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Сүлейменов шетелде оқыған, Досаев шетелде оқыған, мен де шетелде оқығанмын. Көп министрлер шетелде оқып, біреуі «Болашақпен» кетті, біреуі өз ақшасымен кетті. Менің ойымша, министрлер, вице-министрлер шетелде оқып келіп, Қазақстанда жұмыс істесе, ол жаман емес. 

Уақытша орны босаған Эльмира Суханбердиеваның қызметін енді кім атқаратыны да белгілі болды. Білім және ғылым министрінің орынбасары болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды. Ол 2014 жылдан бері Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы болып қызмет етті.  

Хабар 24 телеарнасы