376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық ұстаздар ағылшын тілінде оқыту мақсатында біліктілігін арттырып жатыр

  • 1336
  • UPD: 15:08, 07.09.2017

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға байланысты қызылордалық мұғалімдер арнайы бағдарлама шеңберінде біліктілігін арттырып жатыр. Оқу барысында заманауи коммуникативтік педагогиканың негіздері мен ағылшын тілінде оқытудың тың әдістемесі үйретіледі.

Наурызда басталған курсқа қатысқан 18 сырбойлық ұстаз сертификаттарын алды. Мұғалімдер мектепте өткізетін сабағын жоспарлауда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тетіктерін меңгерді. Отандық және шетелдік оқытушылар 470 сағат дәріс беріп, оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін ашуға тырысқан.

Гүлназ Таумаханова, бағдарлама тренері:

Грециядан Сюзанна Антонару тренері шақырылды. Шетелдік тренер 160 сағат бір ай бойы мұғалімдермен ықшам сабақ өткізді. Ықшам сабақ барысында физика, химия, биология, информатика мұғалімдері өз пәндерін ағылшын тілінде жасады. Республика бойынша алғашқы легі 27-наурыз бен 16-маусым аралығында болса, 2-легі 14-тамыз бен 2-желтоқсан аралығында болады.

Хабар 24 телеарнасы