384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

  • 667
  • UPD: 18:27, 22.09.2017

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі қазан айының 16-на дейін ұзартылды. Негізі құжаттарды қабылдау биыл екі мәрте өткізілмек.

Бірінші іріктеу қорытындысы бойынша 251 стипендия тағайындалды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 2017 жылы барлығы 600 стипендия бөлінген.

Спикерлердің айтуынша, осы жылы шетелде оқығысы келетіндердің қатарында мемлекеттік қызметкерлер көп екен. Бұған 2018 жылдан бастап, ағылшын тілін білу балының  IELTS 5,5-тен IELTS 6,0-ге көтерілуі себеп болуы мүмкін. Мамандар осылай деді.

Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығының» вице-президенті: 

- «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсы сіз білетіндей алты турдан тұрады. Бірінші ол уәждемелік пен ұсыну хаттарын бағалау. Екінші тур шет тілін білу деңгейін айқындау. Үшінші тур мемлекеттік тілді білу деңгейін айқындау. Төртінші тур кешенді тестілеу. Бесінші тур тәуелсіз сараптамалық комиссиямен әңгімелесу. Бесінші тур шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында үміткерлер кандидатурасын қарастыру.

Хабар 24 телеарнасы