370,04 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы 3 мектепте шәкірттер арасында президент сайлауы өтті

  • 552
  • UPD: 15:22, 22.10.2017

Мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін өзі басқару қабілеті дамып келеді. Елордадағы 3 мектепте шәкірттер арасында президент сайлауы өтті.

Шара Орталық сайлау комитетінің бастамасымен ұйымдастырылды. Сондықтан мемлекеттік маңызы бар саяси науқаннан кем түспеген сайлауға оқушылар тыңғылықты дайындалған. Арнайы дауыс беру бөлмелері мен жәшіктер қойылды. Ал сайлау комиссиясының байқаушылары, науқан барысын қырағылықпен бақылады. Сайлауға барлығы 22 үміткер ұсынылып, оларға 6 мыңнан астам дауыс беруші таңдау жасады. Науқан тиісті талаптарға сай өткізілді. Оқушылар осылай дейді. 

Райхан Ардақ, С.Мәуленов атындағы №37 мектептің 11-сынып оқушысы:  

- Елбасымыз айтқандай, жастардың болашағы жастардың қолында. Сол жастардың көшбасшылық қасиеті  мектеп қабырғасынан қаланады. Сондықтан да біздің мектепте мектеп президентін сайлау жүріп жатыр. Үміткерлер үгіт-насихат жүргізіп, өздерінің әртүрлі жобаларын ұсынған болатын.

Осы категория бойынша: « Лицей-мектептердің президенттері жас көшбасшыларды шыңдау мақсатында тәжірибе бөлісіп жатыр ШҚО-да дәстүрлі My PRO мамандықтар фестивалі өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы