366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары автошеру ұйымдастырды

  • 862
  • UPD: 23:51, 01.12.2017

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары автошеру ұйымдастырды.

Бір түсті 20 автокөлікке мінген оқушылар қаланың орталық көшерімен жүріп өтті. Бұл бейнелік шеру. Себебі елімізде Елбасы атындағы 20 зияткерлік мектебі бар. Президенттің тікелей нұсқауы бойынша ашылған білім ошақтары жас ұрпаққа химия-биология бағытында тереңдетілген түрде білім береді. Атыраудағы зияткерлік мектебінде 700-ден астам қабілетті оқушы білім алып жатыр.

Айдарбек Айтпөкешов, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: 

- Жалпы бүгінгі шараның ең негізгі мақсаты бұл зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату. Өйткені, келесі оқу жылына келетін мектеп оқушылары бүгіннен бастап, Назарбаев зияткерлік мектептері негізгі миссиясы, оның негізгі талаптарымен танысуы керек.

Хабар 24 телеарнасы