Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚарМТУ-де халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

  • 551
  • UPD: 12:06, 19.12.2017

Әлем бойынша инженерлік саладағы кез келген жаңалық ең алдымен ағылшын тілінде жарық көреді.

Ал бұл инновациялық технологиялар бізге жеткенше едәуір уақыт озып, ескіріп қалады. Сондықтан қазір жас мамандарға ағылшын тілін білу – заман талабы. Қарағандыдағы мемлекеттік техникалық университетте өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция осы тақырыпқа арналды. Алқалы жиын бастан-аяқ ағылшын тілінде өтті. Оған Гонконг, Ұлыбритания, Токио, Колорадо университеттерінен білікті ғалымдар және 300-ге жуық жас инженер, магистранттар қатысты. Бұл күні сондай-ақ Skype арқылы дүние жүзіндегі басқа да алдыңғы қатарлы білім ордаларының профессорлары дәріс оқыды. Ал жас ғалымдар ағылшын тілінде өз жобаларын қорғады.

Мағжан Тәжікеев, магистрант: 

– Диссертациялық жұмысымды жасаған кезімде жаңа мәліметтерді әсіресе интернеттен іздедім. Германия және Америка мемлекеттері сияқты елдерде осы технология қалай қолданылады екенін қарадым, оны Қазақстанда қалай қолдана аламыз, соны қарастырдым.

Хабар 24 телеарнасы