366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған Nurintech байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 584
  • UPD: 18:22, 26.12.2017

Бас жүлде бір миллион теңге. Бүгін Nurintech 2017 байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Олар «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған инновациялық жобалар байқауына қатысып, IT және әуе-ғарыш технологиясы, энергетика, роботты техника мен 3D индустрия сияқты бірқатар сала бойынша инновациялық жоба ұсынды.

Дастан Бүйткенов – 24 жастағы инженер. Бүгін инновациялық жобалар номинациясының жеңімпазы атанды. Қалтасындағы бір миллион теңгені өндірістік сорғыларды жаңғыртуға жұмсаймын дейді. Жас ғалым қондырғының осал бөліктерін полиуретанды металл бөлшектерімен алмастыруды ұсынады.

Дастан Бүйткенов, инженер (ШҚО):

– Полиуретаннан жасалған жұмыс доңғалақтарын басқа да маркалы өндірістік сорғылардың пайдасына жарату. Және де өзіміздің университетте шағын стартап компаниялар құру арқылы сапалы өндірістік сорғылар мен жұмыс доңғалақтарын жасау.

Жастардың инновациялық жобалары әр алуан. Бірі «Жарыс» аталатын мобильді қосымша әзірлесе, бірі жарық диодты көше шамдарын орнатуды ұсынады. «Жасыл энергетика» мен экологиялық инновацияларға бағытталған жобалар да көп.

Азиз Талапов, оқушы (Орал):

Осы құрылғыны «лежащий полицейский» астына салғанда көлік оны басып өтеді. Осы жоғарғы қабат ротор бөлігінің ілгермелі қозғалысы арқылы электр энергиясын өндіреді және де сол өзгеріс бізді электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Сол арқылы біз аймақтағы таблоларды немесе жаяу жүргіншілер жолдарын жарықпен қамтамасыз ете аламыз және автобус күтіп тұрған жолаушылардың ұялы телефонын қуаттауға мүмкіндік бере аламыз.

Азиз сияқты 25 жас ғалым марапатталды. Қай-қайсысы болмасын өз саласының үздігі. 18 мамыр күні басталған байқауға бір мыңнан аса өтініш түскен. Ал «Нұр Отан» партиясының орталық штабына сайдың тасындай іріктелген үздіктері ғана шақырту алды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл Елбасының сыйлығы. Үлкен кісі өз қолымен бермесе де, ол кісінің қолынан алдық деп есептеңіздер. Өйткені дәл осы сыйлықты өзі шақырып алып, мына жастарды ынталандырайық, EXPO-ны өткіземіз алдағы уақытта деп, екі жыл бұрын өзі осы мәселені тапсырған болатын. Міне екінші жыл қатарынан біз сіздерге осы сыйлықты тапсырып отырмыз.

Қаржылай қолдау, дипломдар мен естелік сыйлықтар иесін тапты. Кейбірінің жасы 18-ге әлі толмаған. Бірақ отандық жаңа технологияны қалыптастырған дара тұлға атануға бұл кедергі емес.

Хабар 24 телеарнасы