371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері арасында олимпиада өтіп жатыр

  • 501
  • UPD: 14:36, 04.01.2018

Қазақ тілін жетік меңгерген 2 мыңға жуық өзге ұлт өкілі дәстүрлі республикалық олимпиадаға қатысты. Оқушылар арасындағы бәсекенің алғашқы кезеңі онлайн режимде өткен болатын.

Іріктеуден сүрінбеген 106 үміткер Астанаға жиналып, өзара мықтыны анықтап жатыр. Яғни ана тілімізде шығарма жазады, тест тапсырады және өнерлерін паш етеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға арналған шара осымен 12-мәрте ұйымдастырылып отыр және жыл өткен сайын қатысушылар саны артып келеді. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан өңірінің оқушылары аса белсенді. Бұл мамандар пікірі.

Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры: 

- Ақтық сында берілген тапсырмаларды орындайды және өздері дайындалып келеді. Қазақша ән айтады, өлең оқиды, өздері шығарған өлеңдерді оқиды. Қорытындысы ертең шығады.

Осы категория бойынша: « «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған Nurintech байқауының жеңімпаздары анықталды Астана әкімдігі оқу жылы басталғалы 100 студенттің оқу ақысын төледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы