371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі ЖОО-ларға академиялық дербестік беріледі

  • 472
  • UPD: 21:57, 08.01.2018

Еліміздегі жоғары оқу орындары академиялық дербестік алады.

Жарты жылдан бері Мәжілісте қаралған заң жобасы «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында ұсынылған. Бүгін депутаттар мен университет жетекшілері академиялық дербестікті енгізу жолдарын талқылады.

Айта кетейік, дербестіктің мақсаты – білім беру жүйесі мен бағдарламасын ашық ету. Сонымен қатар білім берудегі сапаны арттыру үшін қоғамдық бақылау күйшейеді. Жаһандық дамуға байланысты салалық пәндерді басты бағытта ұстау керектігі айтылды. Ол үшін бірінші кезекте пәндерге байланысты бекітілетін кәсіби стандарт санын арттыру керек. Статистикаға сәйкес бүгінде 27 мамандық бойынша кәсіби стандарт бекітілген. Ал мамандықтар саны 600-ден асады.

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

– Академиялық дербестікті бергенде ең басты мақсат – білімнің сапасын көтеру. Қазақстан баллон декларациясына қол қойғаннан бері 2009 жылдан бері сол баллон декларациясының негізгі принциптерін ұстанып келе жатыр. 

Осы категория бойынша: « Құндылығы төмен басылымдарда мақаласы жарияланған ғалымдар атағын қорғай алмауы мүмкін Атырауда алғашқы кәсіби-техникалық білімді тегін беру мәселелері талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы