369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЖОО цифрлық технологияларды енгізуге атсалысады

  • 407
  • UPD: 21:54, 15.01.2018
ЖОО цифрлық технологияларды енгізуге атсалысады

Цифрлық технологиялар мен Smart-City жобасын жүзеге асыру төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда техникалық мамандық бойынша оқып жүрген қазақстандық студенттердің жаңалықтары кәдеге жарап келеді. Олар – экология мен қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға бағытталған жобалар. Сонымен қатар балабақша мен мектепте жүрген балаларды қашықтан қадағалап отыратын смарт-жүйелерге де сұраныс артып келеді. Алдағы уақытта өнеркәсіптік және тұрмыстық робототехниканы дамыту жоспарланып отыр. Ал оны жүзеге асыру үшін жаңа деңгейдегі мамандар дайындау қажет.

Дамир Шыныбеков, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры: 

- Тікелей бізге тапсырма берілді. Ол тапсырма бойынша біз Smart-City деген жаңа технологияны енгізуіміз керек. Біздің Ақпараттық технологиялар университетіміз 8 жыл бойы соған дайындалып жатыр. Қазіргі таңда біз big data, internet of fams, national computer security және мобильдік қосымшалар бойынша дайындап жатырмыз. Бізде қазіргі таңда 70-тен астам жоба бар. Оның жартысы қалаға енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы