366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильден табылған сүйек адамзат тарихына жаңалық енгізді

  • 478
  • UPD: 08:26, 30.01.2018

Израильдік ғалымдар елдің солтүстік бөлігінен ерте заманда өмір сүрген адамның жақ сүйегін тапты. Болжам бойынша оның жатқанына шамамен 200 мың жыл болған.

Бұл Африкадан ауған Homo Sapiens көшінің басталу уақыты біз білгеннен тағы 100 мың жыл бұрын басталғанын дәлелдейді. Сондай-ақ көштің жолы оңтүстік бағдар бойынша емес, солтүстік бағдар бойынша жүргенін көрестеді. Яғни адамдар Ніл өзенінің бойымен Жерорта теңізінің шығыс жағалауына келгенін айқындайды. Ғалымдардың айтуынша, ол дәуірдің адамдары көшпелі өмір салтын ұстанған. Олар өздері аулап жейтін аң-құстың ізімен жүріп келген. 

Мина Вайнштейн Эврон, Хайфа университетінің археологы:

- Жақ сүйегі жатқан жерден шақпақ тастан жасалған құралдар мен жануарлардың қалдықтарын таптық. Олар қарақұйрық, бұғы және жабайы бұқаларға тән. Адамдар азығын найза сынды лақтыратын қарулардың көмегімен аулаған. Үшкір тастар ағашқа байланған. Homo sapiens үшін бұл керемет қару болған.  

Исраэль Гершковиц, қазба жұмыстарының жетекшісі:

- Табылған үлгілер адамзат дамуының эвалюциясына жаңалықтар әкелуі мүмкін. Бұған дейін біз «ең алғашқы адамдар Африкада 200-250 мың жыл бұрын пайда болды, 100 мың жыл бұрын басқа аймақтарға көшті» дегенге сеніп келдік. Енді олардың одан да ертеректе болғанын аңғарып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы