365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысы ҰБТ нәтижесі бойынша бесінші орынға көтерілді

  • 862
  • UPD: 11:02, 02.02.2018

Қызылордада оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда жаңа технологиялар кеңінен пайдаланылмақ.

Бұл ретте TED-X форматын қолдану көзделген. Осы мақсатта аймақтағы үздік мектептер өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.  Бүгінде олардың арасында білім берудің тың әдістерін сәтті жүзеге асырып отырғандары бар. Мәселен, Қызылордадағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енді. Бұл оқу орны соңғы 3 жылда Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттер аясында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен.  Айта кетейік, бүгінде өңір мектептерінің 70 пайыздан астамы кең жолақты интернетке қосылды. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Қызылорда облысы ел өңірлері арасында 5 орынға көтерілді. 

Ғани Сардарбеков, қалалық білім бөлімінің бас маманы:

- Жылда осы ҰБТ қорытындысымен жоғары нәтиже көрсетіп жүрген мектептердің базасында ұйымдастырылып келеді. Және осы мектептерде нәтиже жоғары деңгейде көрсету себебі және де ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы, қандай деңгейде ұйымдастырылады, соны басқа мектептерге практика жүзінде, теория жүзінде барынша көрсетіп, осы қаламыздағы барлық мектеп оқушыларының білім деңгейін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында ұйымдастырылған жұмыстар.

Хабар 24 телеарнасы