374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 736 озат оқушысы ғылыми жобалар конкурсының ақтық сынына жолдама алған

  • 412
  • UPD: 19:52, 13.02.2018

Алматыда ғылыми жобалар конкурсы басталды.

Мектеп оқушылары арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану бағыты бойынша өткізілетін сайыстың шешуші кезеңіне еліміздің әр аймағынан оқуда озат 736 оқушы жолдама алған. Олар ұсынған 600 ғылыми жоба қазылар алқасының қарауына жіберіледі. Республикалық конкурстың жеңімпаздары 16 ақпан күні жарияланып марапатталады. Биылғы конкурсқа өтініш бергендердің саны 19 мың оқушыға жеткен. Бұл сайысқа қатысушылар санының жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, үздік шыққан төрт оқушы халықаралық конкурсқа жолдама алады.

Шолпан Қирабаева, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

– Балалар 7-сыныптан бастап әртүрлі ғылыми жұмыстар жазады. Мен айта кетер едім, балалар диплом алады ғой. Сосын төрт баланы реттейміз. Ол балаларды Intel ISEF 2018 дегенмен АҚШ-қа барады. Біз оған 2002 жылдан бастап қатысамыз.

Осы категория бойынша: « Енді балдырғандар 0-сыныпқа тек 2020 жылдан бастап барады Алматы облысында үш ауысымды мектептер азайып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы