369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің 88 мектебі интернетпен қамтылмаған

  • 275
  • UPD: 22:26, 19.03.2018

Еліміздің 88 мектебінде интернет атымен жоқ.

Электронды күнделік пен журнал толтыруда бірқатар проблема бар. Бұл жайында Мәжілісте өткен білім беру саласын цифрландыруға қатысты Үкімет сағатында айтылды. Депутаттарды әсіресе бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуы, компьютер тапшылығы мен кеңжолақты интернетке қосылу мәселесі алаңдатты.

Компьютердің алдында отырған оқушы сабақтан тыс өздігінен ізденуі тиіс. Бұл болашақтың еншісінде, әрине. Әзірге қолда барға қанағат. Ресми мәлімет бойынша еліміздің барлық мектептері кеңжолақты интернетпен қамтылмаса керекті. Басқасында оның сапасы сын көтермейді не мүлде жоқтың қасы. Депутаттардың айтуынша, мектепті компьютермен жабдықтау мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппаған.

Гүлнар Иқсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

11 оқушыға бір компьютерден келеді. Бұған да көндік. Бірақ қолданыстағы компьютердің 28 пайызы ескірген. Кеңжолақты интернетке 62 пайыз мектеп қосылған. 88 мектептте ғаламтор желісі мүлде жоқ.

Білім беру саласы қашанда назарда. Депутаттар бұл жолы да министрді сұрақтың астына алды. Кейбір дерек бойынша мұғалімдерді мәжбүрлі шараларға итермелеу деректері әлі де азаймаған көрінеді. Дәлірек айтқанда, мектеп директорлары оқытушыларды BilimLand сияқты білім беру ресурстарына кіруге міндеттейді екен.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл ресурстарға барлық орта мектептер толықтай қосылған. Бірақ мектептер арасында BilimLand ресурстын қолдану жиілігінде айтарлықтай айырмашылық бар. Егер бір кезеңде бір мектеп осы BilimLand-тен 14 мың лекция алса, екінші мектеп тек қана 300-ін алады екен. Білім басқармалары осы лекция алу мониторингін жүргізеді екен. Ал мектеп директорлары өздерінің белсенділігін көрсету үшін мұғалімдерді осы ресурс керек болса да, керек болмаса да, осы ресурстарға кіруге мәжбүрлейді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Біз оны естіген соң бірнеше рет БАҚ бетіне де, интернетке бірнеше рет шықтық. Бізге ондай тәжірибе керек емес деп министрлік өзі айтты. Енді өзіміздің позициямыз – мұғалімдер өз-өзімен керек уақытта жүйенің мәнін, оны қалай жұмсайтынын өзі түсініп, енді өздері ары қарай жұмыстарын жасай береді. Біз рейтинг жасамаймыз, мониторинг жасамаймыз.

Депутаттар салаға бөлінген қаржыны игеру мәселесін де сөз етті. Өткен жылы интернет тартуға мемлекеттік бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген. Алайда 700 млн-ы игерілмей қалған. Мектептердегі ғаламтор сапасының сын көтермеуі және бар. Биыл да осы мақсатқа 3 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.

Осыны ескерген депутаттар жұмыстың сапасын арттыру үшін аймақтарда аудит жүргізуді ұсынды.

Авторлары: Жамбыл Зейнолла, Жандос Битабаров, Асхат Каракойшиев

Осы категория бойынша: « Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Наурыз кездесулері» шарасына қатысып жатыр Ғалымдар ұшақта тұмау жұқтырмаудың жолдарын айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы