365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда цифрлық жүйеге қызығатын оқушылар өзара үздіктерді анықтады

  • 211
  • UPD: 08:17, 22.03.2018
Алматыда цифрлық жүйеге қызығатын оқушылар өзара үздіктерді анықтады

Алматыда Қазақстан мен Ресейдің мектеп оқушылары қатысқан жастар фестивалі өтті.

Оған цифрлық жүйелерге қызығып, өз жобаларын ұсынған 330 жас қатысты. Үш күн бойы өтетін шара барысында қазылар алқасы жастардың ақпараттық технология саласындағы жұмыстарын саралап, үздіктерді анықтайды. Жас та болса үлкен іске бас болған оқушылардың кейбір жұмыстарына жоғары оқу орындары мен шетелдік ІТ компаниялар аса қызығушылық білдірді. Мысалы, өткен жылы осындай шара барасында шетелдік компания алматылық оқушы ұсынған жобаны сатып алған. 

Ярослав Халиуллин, оқушы:

- Мен бұл жобаға шетелде қорғап үлгерген жұмысымды ұсынып, жеңімпаздар қатарынан көріндім. Өткен жылдан бері бұл жоба ойын сервисінің негізгі құрамдас бөлігі саналып келеді.

Осы категория бойынша: « Ғалымдар ұшақта тұмау жұқтырмаудың жолдарын айтты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Италияның университетімен серіктестік орнатты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы